Өмірқұл Айниязов: “Баламды ата-әжесіне берерде бір талап қойдым”

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
956

Әнші Өмірқұл Айниязов бала тәрбиесі мен отбасы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің айтуынша, өзі ата-анасына “аға-жеңге” деп айтып өсіп, ата-әжесінің баласы болған. Соған қарамастан ол өзінің баласын да 1 жасынан 6 жасына дейін ата-әжесіне бергендерін айтқан. Бірақ, ата-анасына бір талап қойыпты: 

Біз ол кезде студент болдық. Сондықтан Нұртуғанда ата-әжесіне бердік. Өзімнің ата-әженің қолында өскен кездегіден ойымда қалғаны тек, бұрыңғы кісілер ата-анасын мүлдем айтқызбайтын. Сол менің көңілімде қалған болу керек. Содан үйдегі кісілерге айттым, қай кезде болмасын үйге келгенде, теледидардан таныстырасыздар ма, суреттен таныстырасыздар ма, білмеймін. Бірақ, біз келгенде “папа-мама” деп әке-шешесін танып тұратын болсын деп айтқанмын. 

Өнер иесі сөз соңында ата-әженің қолында өскен бала ақылды болатынын, жалпы ата-әженің қолында болған дұрыс тәрбие деп есептейтінін де айтып өткен. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...