Шетелде тұрып жатқан Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһр үшін «Tesla» көлігін сыйлады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1943

Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһр үшін «Tesla» көлігін сыйлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жаңа көлік тізгіндеп отырған сәтінен видео жариялап, оқырманларының назарын өзіне аударды. 

Instagram желісіндегі stories бөлімінде актрисаның рөлде отырған видеосы тарап, оны Айдана Байтұрсын есімді қолданушы бөлісті. Видеода:

«Жездем Айгүл Иманбаеваға көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – делінген. 

Айгүл Иманбаева жаңа көлікке қатысты түсініктеме беріп, күйеуінің өзіне мәһрге Lamborghini уәде еткенін айтып, былай деп әзілдеді:

«Күйеуім маған мәһрге Lamborghini уәде берген. Келсем: «әзірге Lamborghini емес, Tesla алып қойдым» дейді. Міне», – деп қуанышын бөлісті. 

СПОРТ

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада 68 жасында қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...