“Жаңа кезеңге жол ашты”: Кәмшат Жолдыбаева көрерменнің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1405

Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева кейінгі уақытта неге киноға түспей жүргенін, экраннан көрінбеуінің себебін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының ең юиі қоятын сұрақтарына жауап берді.

Тұрмысқа шыққалы сахнадан да, кино әлемінен де көрінбей кеткен өнер иесінен желі қолданушыларының бірі күйеуі Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұраған.

«Иә, біз «Рауза» сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деп жазды Кәмшат. 

Актриса оқырмандарынан келген сұрақтарға жауап бере отырып, кейінгі кездері кинода сирек көрінуінің себебін де түсіндірді. Сондай-ақ, өзінің киноны сағынғанын да жасырмаған.

«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды Кәмшат Жолдыбаева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...