Күні кеше жарық дүниемен қоштасқан белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы туралы әнші Жеңіс Ысқақова соңғ...
Роза Рымбаева ел күткен сүйінші жаңалығын айтты
ашық дереккөзі
1829
Қазақстанның Халық әртісі, атақты әнші Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Роза Рымбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа концерттің болатынын жариялады.
"50 жыл сахнада! Жуырда!" – деп жазды әнші Роза Рымбаева.
Роза Рымбаева – Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат", "Құрмет", Халықтар Достығы ордендерінің иегері. Ол кино саласында да өзін көрсетіп, бірнеше деректі және көркем фильмдерге түскен. Ұзақ жылдар бойы жас әншілерге ұстаздық етіп, эстрада өнерінің дамуына үлес қосты. Роза Рымбаева бүгінге дейін қазақ мәдениетінің символы, "Қазақ примадоннасы" атанып келеді.