«Ғашық болып шаршадым…»: Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты шындығын бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
510

Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі түрлі жағдайлардан кейін қазіргі таңда махаббатқа қатысты көзқарасының өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мөлдір Әуелбекова «Шайдың қыздары» бағдарламасында көрерменнің «қазір кімге ғашықсыз?» деген сауалына жауап берген.

Әнші бұл жолы жауабын әзілге айналдырмай, өзінің қазіргі ішкі күйі туралы айтқан.

«Мен қазір өзіме ғашықпын. Біреуге ғашық болып шаршадым», — деді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, өміріндегі түрлі жағдайлар оған көп нәрсе үйреткен.

Әсіресе адамның алдымен өзін бағалап, өзін жақсы көруі керегін кейінірек түсінгенін жеткізді.

Әнші мұндай ойға қырық жасқа келгенде анық көз жеткізгенін айтады.

Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бұған дейін де жұрттың назарында болған. Алайда бұл жолы өнер иесі нақты бір адам туралы емес, өзінің қазіргі өмірге және қарым-қатынасқа деген көзқарасын айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ауа райының күрт салқындауына байланысты биыл жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталады. 9...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы №1 жалпы білім беретін мектепте 10 және 11-сынып оқушылары арасында жаппай төбелес б...