Сәкен Майғазиевтің жары мен келіні көліктің алдыңғы орнына таласып қалды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
2373

"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен Әдия әлеуметтік желіде қызықты видеолар түсіріп, аккаунттарының қаралымын арттыруды қолға алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жас жұбайлар кезекті түсірілім жұмыстарына аналары - Динара Майғазиеваны қосқан. Кадрдан үйден бірге шыққан ене мен келіннің Әділет тізгіндеген көлікке келгенде алдыңғы орынға таласып қалғанын көруге болады. Себебі екеуінің де қолы бір мезгілде көлік есігінің тұтқасын ұстап үлгерген. Алайда аздаған секундтық үзілістен кейін келін именген қалпы енесіне есік ашып, ішке енуге жағдай жасаған. Осы кезде "Сұлтан Сүлеймен" сериалының саундтрегі қосылып кетеді. 

Олардың үшеуі де видеоны әлеуметтік желіге бірге жүктеп, оқырмандарына "Алдына кім отыруы керек еді?!" деген сауал тастаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы 25 қазанда Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту бойынша ауқымды экологиялық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...