«Қарғап, көргісі келмеген»: Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер күйеуінің бірінші отбасы жайлы сырды айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2469

Алматы облысы, Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еңбектерін жинақтап, екі кітап шығарғанын атап өтті.

Осы уақытқа дейін ол кітаптардың жартысын Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында, сондай-ақ қайтыс болғанына 19 жыл толған күні құран бағыштау кезінде таратқан. 

Қалған даналарын Нұрқаділовтің туған жеріне жібергенін хабарлады.

Сонымен қатар, ол Instagram-да ескерткіштің ашылу рәсімінен видео жариялап, «Неге қатыспадыңыз?» деген сұраққа жауап берді. Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», — деп жауап берді Мақпал Жүнісова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...