Гипс салдыруға тура келген: Қыдырәлі Болманов аттан құлап, жарақаттанып қалған

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
429

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов қала сыртындағы демалыс кезінде аттан құлап, жарақат алды. Өнер иесі бұл оқыс жағдайдың қалай болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында баяндап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің айтуынша, ол мереке күндері ұлдарына атқа мінуді үйретіп, ер жігіттік тәрбие беру мақсатында табиғат аясына шыққан. Алайда өзіне мінезі ауыр, асау ат бұйырып, тізгінге көнбей қатты жылдамдықпен шауып кеткен. Салдарынан Қыдырәлі Болманов жерге өкшесімен қатты түсіп, жарақат алған. Дәрігерлердің тексеруінен соң, өкше сүйегінің шытынағаны белгілі болып, әншінің аяғына гипс салынды.

Оқиғадан кейін өнер иесі шүкіршілік етіп, құрбандық шалды. Желі оқырмандары мен өнердегі әріптестері әншінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада LRT жанынан патрон тауып алып, оны түсірілімге пайдаланбақшы болған 22 жастағы жігіттің б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласына басқа өңірден келген ағайынды екі жігіт пәтер тонаумен айналысып жүр деген күдікке і...