Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ой қозғап, қыз-келінше...
Нұртас Айдарбеков: "Қайраттың ешқандай кінәсі жоқ"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков "Прайм Плазадағы" даулы оқиға туралы өз шындығын айтты. Әншінің әкесі бұл жағдай ұлына аса ауыр соққы болғанын жасырмады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сітеме жасап.
Нұртас Айдарбеков баласын аяғынан шалып, түрлі әрекеттер жасалғанын жоққа шығармады. Өнер иесінің әкесі "Прайм Плазадағы" жағдайдан соң, ұлын Республика сарайына кіргізбей қойғанын айтты.
"Прайм Плазадағы" жағдайға Қайраттың ешқандай кінәсі жоқ. Бұл Қайраттың жұмысы. Еңбекақысын төлеп, әжетхананың қасына аппаратура қойып берсе , ол ән айта береді. Өйткені ол - жұмысы. Қайратты шақырды, барды, ақшасын төледі, өлеңін айтты. Көтеріліс болу керек болды. Түйенің білетіні - жантақ, жұрттың білетіні - Қайрат. Қайраттың жеке концерті деп шулап кетті. Ол жалған. Ол жерде мыңдаған әнші өнер көрсетті. Сол кезде аяғынан қатты шалды. Халық жауы етіп қойды. Сол күні марқұм Арман Дүйсеновтың концерті болған. Қайрат 1-2 өлеңін айту керек болған. Сөйтсек, баламды Республика сарайына кіргізбей қойыпты. Сол жағдайлардан кейін кейбір үлкен кісілерге "халық жауы болса, алаңға алып шығып, атып тастасаңыздаршы" дедім. Содан кейін бір жыл Республика сарайында өнер көрсетпеді. Соның барлығы ауыр соққы ғой", - деді Нұртас Айдарбеков Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында.