«Иттік жасағанын ұмытпаймын»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ел күтпеген мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
1863

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев экс-жұбайына қатысты пікір білдіріп, өткен өміріндегі өкпе-реніші туралы ашық айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актер НТК телеарнасының «Не дейді?» бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы жұбайына қатысты сезімі мен көңілінде қалған ренішін жасырмады. Оның айтуынша, өзін ең қатты қынжылтқаны – махаббат емес, сеніміне селкеу түсірген әрекет.

«Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесіліні айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын», – деді Дархан Мұсаев.

Өнер иесі өмірінде бұдан да ауыр сынақтарды бастан өткергенін айтып, жеке өміріндегі жағдайға бола өзін күйзеліске түсірмейтінін жеткізді.

«Мен 16 жасымда анамнан айырылған адаммын. Әйел үшін жанымды ауыртып, ауырып қалатын адам емеспін. Сол үшін Аллаға аманаттадым. Жолы ашық болсын, аман болсын», – деді актер.

Сонымен қатар Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды көргенін, алайда олардың өзіне ешқандай эмоциялық әсер етпегенін айтты.

«Әлеуметтік желіден көрдім. Соқырдың өзі көретіндей тарап жатыр ғой. Ешқандай сезімде болған жоқпын», – деп түйіндеді ол.

Актердің бұл мәлімдемесі оның бұрынғы отбасылық өміріне қатысты жеке көзқарасы екенін атап өткен жөн.