Канье Уэст концерті кезінде экрандарда қазақ тілінің болмауы: ұйымдастырушылар түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
120

Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэстің концерті кейінге шегерілгеннен кейін көрермендерді стадионнан шығару кезінде экрандарда қазақ тіліндегі ақпараттың көрсетілмеуі қоғамның наразылығын тудырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концертті ұйымдастырушы First Media Group компаниясының негізін қалаушы Данна Қарағұсова осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

Көрермендерге қандай ақпарат көрсетілді? 

Концерттің кейінге шегерілгені белгілі болған соң, көрермендерден стадионнан шығу сұралды. Осы кезде экрандарда адамдарға арналған нұсқаулықтар орыс, ағылшын және түрік тілдерінде көрсетілген. Алайда мемлекеттік тіл – қазақ тілінде ақпарат берілмеген. 

Көрермендердің айтуынша, стадионда қазақ тілінде тиісті ауызша хабарландыру да жасалмаған. 

Ұйымдастырушылар не деді? 

Данна Қарағұсованың айтуынша, қазақ тіліндегі ақпараттың болмауы әдейі жасалған әрекет емес. Оның сөзінше, концерттің кейінге шегерілуі күтпеген жағдай болғандықтан, ұйымдастырушылардың басты мақсаты – көрермендерді стадионнан мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз шығару. 

«Сол сәтте басқару пульті әртістің командасында болды. Пультте отырған адам қолында бар нұсқаулықтарды экрандарға барынша жылдам шығарды», – деп түсіндірді ол. 

Ұйымдастырушы төтенше жағдай кезінде қосымша экрандық материалдарды дайындауға уақыт болмағанын атап өтті. 

«Бірінші кезекте – адамдардың қауіпсіздігі. Болмаған жерден құрметсіздік іздемеулеріңізді сұраймыз», – деп жазды Қарағұсова. 

Осылайша, ұйымдастырушылар қазақ тіліндегі хабарландырудың болмауын техникалық және уақыт тапшылығынан туындаған жағдай деп түсіндірді. 

Шоу-бизнес

YE концертінің 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылуына байланысты көрермендердің назарына маңызды ақпар...

PESTEL

Сенбі, 15 тамызда таңертең Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды...