Алматыда уланған оқушылар туралы тың дерек шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
118

Ауруханаға түскен 58 оқушы емделіп, үйіне шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) оқушылар ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен  еді. Енді олар аман-сау айығып, үйіне шығарылды.

Мұны мектеп өкілдері хабарлады. Балаларға дәрігерлер клиникалық хаттамаларға сәйкес қажет медициналық көмек көрсетіпті.

Еске салайық, 14 қазанда мектептің бірнеше ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскені белгілі болды. Осыдан кейін оқу орнындағы сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылып, интернат пен асхананың жұмысы тоқтатылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, санитариялық мамандар мектепте тамақтандыруды ұйымдастыратын «Master Food» ЖШС-нің ас блогын тексерген. Нәтижесінде азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғаны анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салынып, қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдері айналымнан алынған. Интернат ғимаратында дезинфекция жүргізіліп, науқастанған балалармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...