Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен ара...
Қарағандыда көпбалалы әйел сұмдық әрекетке барған
Фото: freepik
179
Қарағандыда көпбалалы әйел мен құрбысы 461 адамды алдап, 700 млн теңгеден астам ақша алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әйелдердің бірі WhatsApp-та Қытай мен Түркиядан арзан тауар сататын топтар ашқан. Кейін жиһаз, тұрмыстық техника мен көліктерді де нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға ұсынған.
Сатып алушылардан ақша алғанымен, тауарларды жеткізбеген.
Алаяқтықтан 461 адам зардап шегіп, жалпы шығын 700 млн теңгеден асқан. Екі әйел де кінәсін мойындамаған.
Әрқайсысын 6 жыл 8 айға сотталды, жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды.