Әнші Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas бағдарламасына берген сұхбатында шоу-бизнес...
«Жалған бет жасап алған, масқара»: Айгүл Иманбаева ұшақта жанжал шығарды
коллаж: MadeniPortal.kz
Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесі Алматыдан Астанаға 953-рейспен екі немересі және келінімен бірге жолға шыққан. Сонымен қатар, ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты екі сағатқа кешіккен.
Актрисаның сөзінше, аузы берік болғандықтан ас ішпей, тек бір бөтелке су сұраған. Алайда бортсерік оған «Бөтелкедегі су жоқ» деп жауап берген. Сонда әнші ештеңе деместен, «Онда ауызашар уақыты таяғанда бір стақан су беріңізші» деп өтініш білдірген.
«Ауызашарға 20 минут қалғанда бортсерікті шақырдым, бірақ ол келмеді. Қызыл батырманың жанып тұрғанын көрсе де, назар аудармады. Кейін ауызашарға 10 минут қалғанда жанымнан өтіп бара жатқан тағы бір бортсерікке “Бір стақан су беріңізші” дедім. Ол кезде қолымда немерем жылап отырған. Сонда ол “Ұшақ қонған соң өзіңіз келіп ішіп аласыз” деп жүріп кетті», – дейді өнер иесі.
Айгүл Иманбаева мұндай әрекетке қатты ренжігенін жасырмаған.
«Ұят емес пе?! Қандай елде өмір сүріп жүргендеріңізді білесіздер ме? Қазір Рамазан айы ғой. Ашудан қолым дірілдеп кетті», – деген ол.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар әуе компаниясының абыройына нұқсан келтіреді.
«Бұл енді сұмдық қой! Ораза уақытында 20 минут бұрын стюардессаны шақырып, бір стақан су сұрап та ала алмадым. Қолымда кішкентай немерем жылап отыр. Соған қарамастан, ұшақ қонғаннан кейін келіп ішіп кетесіз дейді. Түрлері де жасанды, масқара. “Әр жолаушы біз үшін маңызды” деп айтады, бірақ ол бос сөз. Өмірімде бірінші рет осыншалық ашуланып, осыны желіге жазып отырмын», – деп жазды ол.
Кейін актриса оразасын жақындарының үйіне барып ашқан.