«Бәрімен араласамыз!»: Тұрсынбектің екінші әйелі «Базар жоқ» жігіттері туралы

Фото: sn.kz коллажы

Шоу-бизнес
225

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының бұрынғы әртістерімен арадағы қарым-қатынас туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, театр құрамындағы жігіттермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы жақсы, олар әлі де араласып тұрады. Бұрынғы әртістердің жеке өнер көрсетуге көшуін арадағы келіспеушілікпен немесе театрдың тарауымен байланыстыру дұрыс емес. Әртістердің әрқайсысы жеке орындаушы ретінде танылып, өз шығармашылығын дамытып келеді. Сондай-ақ ол жігіттердің жетістігіне Тұрсынбектің қуанатынын және олардың жеке концерт өткізуін мақтан тұтатынын атап өтті.

Ол бұл пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, бұрынғы театр әртістерінің не себепті жеке өнер көрсетіп жүргенін түсіндірді. 

"Осындай сұрақтар жиі қойылады. Біріншіден жігіттер баяғыдай жас жігіттер емес. Қазір уже әрқайсысы бір төбе. Дүркіреткен аты бар. Әзіл-әлемнің жігіттері жеке орындаушылар. Басқа тарптар сияқты қандай да бір қойылым қойып, актер ретінде рөлді сомдамайды. Оны шатастырмаңыздар. Жігіттермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы өте жақсы. Араласады. Бәрі әр-кез алғысын айтып, концерт қояр алдында мәдениетті түрде алдынан өтіп барып өздері гастрольге шығып жүр. Неге десеңіздер, қазір онб бар, киноға түсіп жүр, әрқайсысының өзінің мықты энергиясы бар. Баяғыдай емес уже бір сахна сыймайды бәрі. 7–10 минут оларға аз. Бәрі өз өнерін көрсетіп сахнада ұзақ тұрғылары келеді. Бәрі 20,30 минуттан тұрса онда концерт 3,4 сағат болып кетері анық. Сол себепті ол мүмкін емес. Аты жер жарып тұрған мықтыларға номеріңді қысқарт деп те айта алмайсың. Сондықтан тарап кетті, ойып қалды деп бос әңгіме. Алла жазса алдағы уақытта үлкен юбилейный концерттерін беретіні анық. Біздің жігіттер жетістікке жетіп жеке концерт берген сайын Тұрсынбектің мақтанып, марқайып отыратыны рас", - деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...