Мөлдір Әуелбекова жаңа образымен сынға қалды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
172

Мөлдір Әуелбекова жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, тыңдармандарының назарын образымен жаулап алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің бөліскен жаңалығына байланысты көпшілік жаңа әннен гөрі әншінің клиптегі ерекше образын талқылады. Оның киім үлгісі әлеуметтік желіде түрлі пікірге себеп болды.

Желі қолданушылары арасында «Мынау скоро шешіне ме сонда?», «Стилист ауыстыру керек», «Сығанға ұқсап қалыпсың», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?», «Орамалын қашан шешеді?», «Мың қырық жамау», «Оранбай-ақ қойшы» деген пікірлер жазылды.

Әншінің жаңа туындысы қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.

 Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатысудан бас тартқан болатын. Ол бұл шешімін әлеуметтік желіде жариялап, «өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын» деп мәлімдеді. Қызығы, бұл шешімінен кейін продюсер Баян Алагөзова Мөлдірдің әрекетіне ашық түрде наразылық білдіріп, оның таңдауы шоу-бизнесте қызу талқыланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Бұл ақпаратты Қаз...