«Не сұмдық өлген адамды түсірген»: Қайрат Нұртастың анасы ағасының жетілік асын өткізді (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
226

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында өмірден өткен туған бауыры Сәбитті еске алып, жетілік асын өткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Продюсер бауырынан айырылу қайғысын әлі де ауыр қабылдап жүргенін айтып, жан тебірентерлік жазба жариялаған.

«Бәрібір ішім өртеніп барады. Бауырым, ағатайым, анамның жанында... Міне, бүгін улап-шулап, жылап-сықтап жетісін өткіздік. Жаның жәннатта болсын, бауырым Сәбитім», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Сондай-ақ ол марқұмның рухына дұға бағыштап келген ағайын-туыс пен құда-жекжатқа алғысын білдіріп, бауырының жаны жәннатта болуын тіледі.

Желі қолданушылары сондай-ақ аста үлкен экраннан көрсетіліп жатқан мәйітті шығару видеосына наразылықтарын білдірді.

"Мыналарың қуады екен ғой, мейрамхананың үлкен экранынан жаназа шығарып жатқан видеоны көрсетіп не керек", "Масқара, не сұмдық өлген адамды видеоға түсірген", "Не істеседе әркім өзі біледі артық сөздің керегі не көңіл айтып қойыңдар", "Той қылып өткізгенба? Әр жердің салты басқа иті қара қасқа деген осыма?!", "Ужас, қайғырып отыр десем шоу істеп жатыр", - деген секілді пікірлер жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова туған ағасынан айырылғанын әлеуметтік желі арқылы хабарлаған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде болған ірі өрттен бір әйел көз жұмып, тағы төрт адам ауруханаға жеткі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімге...