Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Оның кандидатура...
Гүлзира Айдарбекова емші Бағдагүлдің сынына жауап берді
Фото: ЖИ
133
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Продюсердің айтуынша, емші Шымкенттегі концертке қатысты расталмаған мәліметтер жариялап, кейін сөзін өзгерткен. Айдарбекова оның адам өлімі туралы ақпарат таратқанын айтып, наразылығын білдірді.
“Бұл жалған ақпараттар жіберген: адам өлімі болды деп бір, одан кейін бір қыз көз жұмды деп, одан кейін жамандап видео салды. Соны историяма салып едім, белгілеп, «Сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп, сөзін өзгертіп, халық-халық деп сөзін дереу өзгертіп, осылай видео салды”, — деп жазды ол.
Гүлзира Айдарбекова өзгенің өміріне араласпайтынын, алайда ұлына қатысты айтылған сөздерді жауапсыз қалдырмайтынын жеткізді.