Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды зорлап, артында өлтірді деген күдікпен бір азамат...
Бельгия Королі Қазақстанмен бес салада байланысты күшейтуге шақырды
Фото: Ақорда
Бельгия Королі Филипп Қазақстан мен Бельгияның Еуропа және Орталық Азия арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндігі мол екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Корольдің сөзінше, Еуропалық одақтың ортасында орналасқан Бельгия Еуропа нарығына жол ашатын маңызды қақпа саналады. Елдің технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда салаларында жинаған тәжірибесі мол.
Ал Қазақстанның қолайлы географиялық орны мен табиғи ресурстары сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамытуға кең мүмкіндік береді. Филипп осы артықшылықтар екі елдің ынтымақтастығын тереңдетуге берік негіз болатынын атап өтті.
Бельгия Королі екі елдің кәсіпкерлерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік пен логистика, қаржы және туризм салаларындағы бірлескен жұмысты жандандыруға шақырды.
«Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз», – деді Король Филипп.