Мейіргүл Оңғарова. Жюльет Бинош Астананың сәулетіне таңырқағанын жасырмады

КИНО
945

Француздың театр және кино актрисасы Жюльет Бинош орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеп, Астана туралы пікірін білдірді. Актриса Астананы мерейтойымен құттықтады. 

"Бүгін керемет оқиға театр фестивалі болып жатқан жерден табылғаным үшін бақыттымын. Франциясы көп ел. Қазақстан мәдениеті өте жылдам дамып жатқаны үшін бақыттымын, бұл потенциалы толық ел, мен бар жаныммен егеменді Қазақстанның Астанасын 20 жылдығымен құттықтаймын! Күлкілеріңіз үшін, энергетикаларыңыз үшін және осы фестивальді ұйымдастыру туралы идеяларыңыз үшін рақмет. Театр өнері халықаралық, оның шекарасы жоқ", – деді актриса. 

"Көп уақыт болмаймын, сонда да тамаша елдеріңізді көріп отырмын, керемет әсер алдым. Жақынырақ танысу үшін қайта оралуға тырысамын. Астаналарыңызға таңғы 6-да ұшып келдім. Уақытым тығыз, бірақ алғашқы әсерім тамаша. Елдеріңіз үлкен сияқты болып көрінді, дала, кеңістік, жылы көзқарастар, жымиыс пен халықтың қонақжайлығын көріп отырмын. Келесі жылы елдеріңізді көруім үшін уақытым болады деп үміттенемін. Заманауи архитектураны байқадым. Елордаларыңызға қызғанышпен қарадым десем де болады, заманауи әрі динамикалық. Елдеріңіз бізден бес есе үлкен", – деді актриса. 

Сонымен қатар Бинош әлемдік ІІ "Астана" театрландырылған фестивалінде қандай бағдарламамен өнер көрсететінін айтты. 

"Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың поэзиясын таныстырамын және "Қара көз" атты атақты өлеңді оқимын. Мен сіздердің елдеріңіз үшін, отандастарыңыз Самал Еслямованың ұлы жетістігі, Канн фестиваліндегі үлкен жеңісі үшін бақыттымын", – деді ол. 

Одан бөлек, актриса мансабын театрдан бастағанын және ол өзі үшін бағалы екенін айтты. Жюльет Бинош қазіргі таңда театрдың киноға қарағанда танымалдығы аз екеніне өкінетінін жеткізді, өзінің қызметі театр өнерін дамытып, оған көбірек көңіл бөлу екенін мәлімдеді. 

Жюльеет Бинош — француз киноактрисасы, 1997 жылы "Ағылшын науқас" фильміндегі екінші пландағы рөлі үшін "Оскар" жүлдесін жеңіп алған, сондай-ақ 2010 жылы "Канн" фестивалінде ең үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды. 


Жюльет Бинош сұлулығының сырымен бөлісіп, Қазақстан киногерлеріне кеңесін айтты

Жюльет Бинош сұлулығын қалай сақтайтынын айтты. Одан бөлек, қазақстандық киноматографистерге кеңесін берді.

Жұлдыз "әдемі болып жүру үшін сүю қажет" деген пікірде. 

"Сұлулықтың сыры өз ісімізге деген және осы өмірдегі заттарға деген махаббатта. Тыныстауға деген махаббат, өзіміз қолымыз, тіліміз тиген нәрсеге деген махаббат, үлкенге де, кішіге де, түрлі адамға да махаббатпен қарау. Бастысы – осының бәрін сүю", – деді актриса. 


Журналистер Биноштан қазақстандық киноматографтарға қандай кеңес беретінін сұрады.

"Ең алдымен шабыттарыңыздың қайнар көзі өз тарихтарыңыз, өз елдеріңіз, адамдарыңыз болуы керек деп ойлаймын. Қазақстан өз стилін құрауы керектігін айту қажет. Алдымен ішкі және рухани әлемі туралы айтқаны дұрыс. Менің кеңесім – шабытты осыннан, өз тарихтарыңыз бен өз адамдарыңыздан алу керек, сонда Қазақстаннның кинода өзіндік культі болады", – деді актриса. 

Естеріңізге салайық, Жюльет Бинош Елордаға ІІ әлемдік "Астана" театрландырылған фестиваліне қатысу үшін келді. Фестиваль 16-29 маусым аралығында өтеді. 

"Энергия холлы" мен "Бейбітшілік және келісім сарайы" сахналарында Қазақстан, Еуропа мен Азияның ең үздік труппалары өнер көрсетеді.



Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...