Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова кино саласына келу жолын еске алып, бұл өнерге бала күн...
“Өмірімдегі ең ауыр кезең”: Тоқал алған блогердің бірінші әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
Фото: arasha.kz
Тоқал алып елді шулатқан блогер Айтуғанның бірінші әйелі Ильнура күйеуінің екінші әйел алуына қатысты пікір білдіріп, бәрінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Блогер қыздың күйеуіне екінші әйел болып тұрмысқа шығуын ол да күтпеген. Ильнура «Мен қалай күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бердім?» деген сауалмен бастап, өзінің де басқа қыздар секілді өміріне үшінші адам кіреді деп ойламағанын айтты. Ол сол оқиғадан кейін көп қойылатын сұрақтарға әлеуметтік желідегі оқырмандарына бір видеомен жауап беруді шешкен. Сондай-ақ, отбасы туралы тараған әңгімелерге де тоқталған.
Оның айтуынша, желіде күйеуінің өзге қызбен қарым-қатынасы және тоқал алуына қатысты түрлі болжамдар айтылып жүр. Ильнура осы мәселеге байланысты өз ұстанымын ашық жеткізіп, көпшілік арасында тараған кейбір ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Блогердің бәйбішесінің бұл сөзі желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды.