Әнші Роза Әлқожа «Кездесу шоу» YouTube арнасына берген сұхбатында қаржылық жағдайы турал...
«Жүрегімді тура жолдан айырма»: Төреғали Төреәлінің жазбасы жұрттың назарын аударды
Ашық дереккөз
162
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасында тәубе ету, жүректі тазарту және Алладан кешірім сұрау туралы ойымен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесі Қағбаның алдында тұрып, жүрегімен бір ғана тілек тілейтінін жеткізді. Ол Алладан күнәларды кешіріп, тәубені қабыл етуін және тура жолдан айырмауын сұраған.
«Тәубе – өткенге өкініп қана қою емес, жүректі Аллаға қайта бұру.
Қағбаның алдында тұрып, бар жүрегіммен бір ғана тілек тілеймін: Алла жүрегімізді тазартып, күнәларымызды кешіріп, тәубемізді қабыл етсін.
„Я, Раббым, мені өзіңе жақындат, жүрегімді тура жолдан айырма“», – деп жазды әнші.