Продюсер Мөлдір Мұқан сериал түсіріп жатыр

Ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2740

Алматыда жасөспірімдер жайлы ерекше стильдегі сериал түсірілімі басталды, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Мына Мөлдір тағы не істеп жүр дейсіздер ғой. Еліміздің болашақ жұлдыздарымен кино түсіріп жатырмыз. Астанадан Алматыға чемоданым мен актерлерімді арқалап американско-корейский стильде мектеп жайлы сериал түсіруге келдік. Басты рөлде жасөспірім 10 оқушы. 10 түрлі мінез, 10 түрлі тағдыр, 10 түрлі арман. Жасөспірімдер мен мектеп жайлы кино болғандықтан біразыңыз үйлеріңіздегі бір-бір бойжеткен мен бозбаланың өмірін былайша айтқанда ішкі кухнясын кинодан көріп, түсіне аласыздар. Киноның стилі бүгінгінің балаларының қызығушылықтарын ескере отырып таңдалды. Түрлі салада жүріп, көріп жас баланың көзіндегі отты жағу, бойындағы жігерді оятудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндім. Ал болашақ жарық жұлдыздарымызға сәттілік тілеп қойыңыздар», - деп жазды Мөлдір Мұқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...