Үшінші рет неке қиған Әбілмансұр Серіков қолдағандар мен сынағандарға бір жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
572

Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленіп, қуанышына пікір білдіргендерге жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің жаңа жары да өнер жолындағы ару, актриса Ғалия Ұзақбаева.

Әлеуметтік желідегі парақшасында актриса неке қию рәсімінен түсірілген фотоларды бөлісті. Ал Әбілмансұр Серіков өз парақшасында оқырмандарының құттықтау тілектеріне алғыс айтып, жазба жариялады.

«Егер бұл өмірде бақытты болу соншалықты оңай болса, бәлкім бәрі де бақытты болар ма еді... Айтқан барлық тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын», — деп жазды актер.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Бірі актерге бақыт тілесе, енді бірі сын пікірлерін де жасырмады.

«Дұрыс айтасың, бақытты болыңдар! Жұбайыңызбен бірге бір жастықта қартая беріңіздер», «Әр гүлге бір қонып жүргендей көрінесің», «Актер ретінде жақсы көремін, бірақ ер-азамат ретінде әлсіз екенсің», «Енді төртінші рет бақыт іздеме. Өмір — тек бақыттан емес, бақытты сәттерден тұрады», — деп жазды желі қолданушылары. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...