Қайрат Нұртастың концертінде тапталған 18 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
150

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 18 жастағы қыздың туысы көпшіліктен көмек сұрап, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Туысының айтуынша, концерт кезінде жиналған жұрттың арасында қысылыс болып, бойжеткен құлап қалған. Салдарынан ол қалың топтың аяғының астында қалып, ауыр жарақат алған.

“Адамды құлатып, өлім аузына жеткенше таптайтындай қалай сонша қатыгез болуға болады? Менің бауырымды не үшін ұрып, таптадыңыздар? Ол алты сағаттан бері жансақтау бөлімінде, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Қазір бізге өте ауыр. Өтінемін, аман қалсын деп дұға етіңіздерші”, – деп жазды қыздың туысы.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Басқарманың хабарлауынша, бойжеткенге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болып, қажетті ем қабылдап жатыр.

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқса...