Қайрат Нұртаспен төбелескен ер адам кінәсін мойындамады

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Шоу-бизнес
3463

Қайрат Нұртаспен төбелескен азамат та қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындамады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртаспен төбелескен адамды қамауға алды.

Сот төбелеске екінші қатысушыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

"2024 жылдың 4 маусымда Б. Алматы-Астана бағытында ұшақ бортында танымал әнші А.-мен жанжал шығарып, артынан төбелеске айналған. Ұшақ бортындағы төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Б. өз әрекетімен қоғамды сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған", - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Сотта Б., өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...