Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғамен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады madenipor...
Тележүргізуші Айгүл Мүкей Жұлдыз Әбдікәрімоваға араша түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден алынған
Айгүл Мүкей танымал актрисаның алаяқтармен күресі жайлы жазды, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Актриса Жұлдыз Әбдікарімова 3 жыл бұрын Диляра Т. деген адамның уәдесіне сеніп, Тұмар Гранд Вилладж коттедж қалашығынан үй алғысы келген. Ал Диляра уәдесінде тұрудың орнына Жұлдыздың пәтерін алып, оны өз бауырының атына рәсімдеген. 3 жыл өтті, үй салынған жоқ. Жердің өзі несие ұйымының кепілдігінде тұр. Диляра Жұлдызға тек уәде берумен уақыт созып келген. Жұлдызбен бірге тағы да 10-ға жуық адам зардап шеккен. Үй де, пәтер де жоқ... Жұлдыз барлық инстанцияларға және соттарға жүгінді, бірақ әзірге барлық сотта ұтылып келеді. Оған қатысты қорқытулар мен мазақтаулар айтылып жатыр, "не істей аласың?" деп келеке етеді… Әрине, ақыл-кеңес беріп жатқан жандар да бар. Жұлдыз заңның әділдігіне сенеді және алаяқтар жазасын алады деп үміттенеді. Мен Жұлдызды бұрыннан танимын, ол шын мәнінде мықты тұлға, төрт баланың анасы, жалғыз... Пәтерсіз, негізінде барлығы жақсы еді, бірақ... Егер басқа адам болса, ол сол орнында жылап, көмек сұрап жатаре ді. Бірақ ол әділдікке сеніп, үмітін үзбейді. Мен, досы әрі анас ретінде Жұлдыздың ісіне Жоғарғы Сот пен басқа құқық қорғау органдарының назар аударуын сұраймын», - деп жазды Айгүл Мүкей әлеуметтік желіде.
<
>