Желіде Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен билеген видеосы қызу талқыланады (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
146

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуімен бірге билеген бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Айман Талғатқызы Instagram парақшасында жариялаған видеоға ерекше жазба қалдырған.

«Видео қызық жеріне келгенде бітіп қалады ма? Хейтерлерге жұмыс болсын дегенім ғой. Жанымның таңғы асы. Еркемін деймін», – деп жазған ол.

Ерлі-зайыптылардың бірге түскен бейнежазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған. Бұған дейін де Тұрсынбек Қабатов пен Айман Талғатқызының жеке өміріне қатысты жарияланымдар желіде қызу талқыланған.

Айта кетейік, әзілкештің бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқанова да соңғы уақытта әлеуметтік желіде жеке өмірі мен өмірлік ұстанымдары туралы жазбалар жариялап жүр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полиция қызметкерлері санитарлық жағдайы өте нашар үйде...

СПОРТ

«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда «Барселонаны...