«Мынауың не, Азамат?»: Ербол Мәндібек Жұлдыздың спектакльдегі рөліне қатысты ойын айтты

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
135

Белсенді Ербол Мәндібек актер Азамат Сатыбалдының «Сен және Мен» спектакліне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Қойылымда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды мен Жұлдыз Әбдікәрімова сомдайды. Белсенді спектакльдегі кейбір көріністерді қазақы тәрбие тұрғысынан қабылдай алмағанын айтып, Жұлдыз Әбдікәрімованың рөлге таңдалуына да қатысты ойын жеткізді.

«Әй, Азамат. Мынауың не? Өнер дейсіңдер өздерің. Бірақ дәл осы рөлге басқа бойдақ қыз табылмады ма? Біреудің үпілеп отырғанын келінін несіне тарттың бұл рөлге? Инста мен TikTok-ты ашып қалсаң, осы екеуінің суреті мен видеосы жарқ-жұрқ шыға береді. Заңды күйеуі бар әйелдің бөтен еркекпен құшақтасқаны ерсі көрінеді екен. Бұ қайсы деп жақынырақ қарасам, өзіміздің Жұлдыз келініміз. Кәдімгі Қайрат Нұртастың келіншегі. Мен үшін бұл екеуі үлгілі отбасы еді. Мына суреттен кейін ішім қылпылдап қалды», – деп жазды Ербол Мәндібек.

Оның айтуынша, өнер тұрғысынан қойылымға қатысты дау болмауы мүмкін, алайда ұлттық дүниетаным мен қазақы тәрбиені де ескерген жөн.

«Әрине, өнер тұрғысынан қарасақ, ешқандай айыбы жоқ. Алайда өз ошағы, ата-енесі, бала-шағасы, абыройлы күйеуі бар келіншектің сахна үшін бұлай бұраңдауы көзге оғаш көрінеді екен. Жұлдызды да түсінбедім. Егер ойнаймын десе, рөл көп қой. Келіннің, ененің рөлін ойна. Бірақ мынандай драманың дәл саған керегі жоқ еді. Ай маңдайлы Қайратың рұқсат берген шығар, бірақ менің қазақы тәрбием сенің осы рөліңді қабылдай алмады. Бүйткен өнерлеріңе өкпеледім. Әй, Азамат. Мынауың не? Жұлдыздан басқа әртіс қыз табылмады ма? Біреудің әйелімен “Сен және Мен” деп спектакль ойнайтындай не күн туды? Драма дейтін жанр театр мен кино үшін өте ауыр әрі жауапты саналады. Сенің актерлік шеберлігіңе шүбә жоқ. Бірақ ұлттық көзқарасты да ұмытпайық. Артық айтсам, кешірім сұраймын», – деп түйіндеді белсенді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабай маңындағы табиғи аймақта атылған, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен қатты отшашудың жалғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындардағы конвейер шаруашылығын жоспарлы жаңарту бағд...