Қайрат Нұртастың ұлы сүйіктісін көрсетті (фото)

Фото: MadeniPortal.kz коллажы

Шоу-бизнес
1358

Танымал әнші Қайрат Нұртастың ұлы әлеуметтік желіде сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің үлкен ұлы Нарұл әлеуметтік желіде бір қызбен видео жариялап “Менің махаббатым” деген жазба қалдырған. Бұл видеоға пікір жазушылар “Қайрат Нұртастың келіні”, “Олар кездесе ме?”, “Өте жарасымды” деген секілді жақсы сөздер жазған. Дегенмен, арасында бұл жәй әзіл деген болжам жазушылар да бар. Алайда, әзірге әншінің ұлы сол видеодан кейін нақты ештеңе айтпаған.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың кіші қызы Алау мен үлкен ұлы Нарұл әлеуметтік желіде белсенді. Олар жас тикторлермен жақын араласып, бірге контенттер түсіреді.