«Ешкімге айтпадым, сездірмедім»: Ерке Есмахан жарты жыл бойы жасырған құпиясын ашты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
880

Ерке Есмахан алты ай бойы жарияламай, жасырын түрде жұмыс істеген үлкен жобасын көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші мұны әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Айтуынша, ол осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы ешкімге тіс жармай, жобаның нәтижесін соңына дейін құпия сақтауға тырысқан.

“Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындады. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім.

Жұмыс аяқталған күнді естелікте сақтау үшін екі кішкентай ұлдарыммен бірге суретке түстім.

Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Көңілімде қуанышпен қатар сәл қобалжу да бар”, – деп жазды әнші.

Жобаның аяқталуына орай Ерке Есмахан кішкентай екі ұлымен бірге естелік суретке түскенін айтқанымен, құпия еңбегіне қандай қатысы барын ашып айтпаған. Әншінің сөзінше, бұл фотолар оның өміріндегі маңызды күндердің бірін есте қалдыру үшін жасалған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Халық Конституциясы елімізде ауқымды өзгерістердің басталуына негіз болды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түнгі сағат 01:00 шамасында туған күн тойлап отырған отбасының шырқын ауласына кірген жеңіл көлік бұ...