Құдайдан сұраған: Еркебұлан Тоқтар бауырына су жаңа Геленваген сыйлады

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
195

Актер әрі әуесқой жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне қымбат көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актер бұған дейін сатылымға қойған Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатудан бас тартып, оны інісіне беруді ұйғарған. Оның айтуынша, бұл шешімге інісінің өзін қолдап, барлық бастамаларына атсалысып жүргені себеп болған.

Еркебұлан Тоқтар көлікті інісіне сыйлауды Құдайдан тілегенін айтты. Оның сөзінше, Геленвагенді сатпақ болып жүрген кезде Әділ екеуі көлікке бірге отырған. Сол сәтте көліктің інісіне жарасымды екенін байқап, егер қажетті ақшаны басқа жолмен табуға мүмкіндік берілсе, көлікті оған сыйлайтынын тілеген.

«Көлікті сатамын деп ойлаған кезде, екеуміз екі Геленге отырып, айдап бара жатқанда, көліктің саған қалай жарасып тұрғанын көрдім. Құдайдан “егер маған қазір керек ақшамды басқа жолмен табуға мүмкіндік берсең, ініме осы көлікті сыйлаймын” деп сұрадым. Ертесіне бірнеше жобамен келісімге келіп, ақша өзі-ақ келді», – деді актер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен ер адам 3...