Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Ержан Максиммен кездесті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3264

Иманғали Тасмағамбетов-Қазақстанның Ресейдегі елшісі Мәскеуде жас орындаушы Ержан Максиммен кездесті деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Мәдениет порталы" ақпараттық агенттігі.

Жылы жүздесу Мәскеу қаласында Ресейдегі Қазақстан елшілігі ғимаратында өтті.

Ержан Тасмағамбетовке болашаққа деген жоспарлары мен "Голос. Дети" жобасынан кейінгі өмірі туралы айтып берді.

Иманғали Нұрғалиұлы жас әртіске табыс тіледі. Ол Мәскеуге шығармашылық жоспарын орындау мақсатында барған Ержанның уақытты жемісті өткізуіне тілектес екенін айтты.

Айта кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" жобасының финалисі атанды. Қазақстандықтың жеңуге мүмкіндігі болғанымен, бірінші орын күтпеген жерден Алсудың қызына бұйырды.

Көптеген көрермендер мен жұлдыздар бұл нәтижеге наразылықтарын білдірді. Шешімнің әділетсіз екенін айтқан Максим Галкин, Валерий Меладзе мен Иосиф Пригожин онлайн дауыс беру қорытындысын қайта қарау қажеттігін айтты. Тексеріс әлі жалғасуда.

author

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған, деп хабарлайды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. "5...