Қазақстандық чемпиондарға берілетін сыйақы өсті

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
98

Азия ойындарының чемпиондарына берілетін ақшалай сыйақы 50 мың долларға дейін өсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Министрдің айтуынша, сыйақы көлемі бюджеттен тыс қаражат есебінен арттырылған. Бұл қаражатты спорт федерациялары мен Спортты қолдау қоры бөлген. 

«Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық», - деді Ербол Мырзабосынов. 

Ал күміс және қола жүлдегерлерге берілетін төлемдер әзірге рәсімдеу кезеңінде. Министрдің сөзінше, оларға тиесілі сыйақы мемлекеттік органдармен келісу және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін төленеді. 

Осылайша, Азия ойындарында ел намысын қорғап, чемпион атанған қазақстандық спортшылар бұрынғыдан жоғары көлемде сыйақы алады. Министр өзге жүлдегерлерге берілетін төлемдердің нақты мерзімін әзірге айтқан жоқ. 

Шоу-бизнес

Белгілі продюсер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде әсерлі...

PESTEL

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Янтай қаласында 92 жастағы әженің қарттар үйінен қашып кеткен сәті...