«Қызғанамын, жұмсаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы болашақ келіндеріне қандай ене болатынын айтты

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
598

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде оқырмандарының болашақ келіндеріне қатысты қойған сұрағына әзілмен жауап берді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Желі қолданушыларының бірі одан: «Екі ұлыңыздың болашақ жарлары қандай болғанын қалайсыз?» – деп сұраған.

Тележүргізуші өз жауабында көпшілік арасында жиі айтылатын «ене мен келін» тақырыбын әзілге айналдырды.

«Мен бе? Енелер не қалайды, соны мен де қалаймын. Қызғанамын, тырысып-бүрісіп жүремін, жұмсаймын. Қызым емес, әулетке келін болады. Түнгі сағат 03:00-де жатып, таңғы 05:00-де тұрып шай қойып дегендей», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы күліп тұрған эмодзи қосып.

Осылайша тележүргізуші болашақ келіндеріне қоятын «талаптарын» әзілмен жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...