Қайрат Нұртастың концертінде болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ЖИ

Шоу-бизнес
239

Шымкентте әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде көрермендердің қысылып қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан 18 жастағы бойжеткен зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт барысында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталмауына қатысты қылмыстық іс тіркелген.

“Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген полицияның жексенбі күні таратқан хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, концертке келген адамдардың шамадан тыс көп жиналуы салдарынан көрермендердің бірі зардап шеккен. Оқиға орнынан бойжеткен медициналық мекемеге жеткізілген.

Осы жағдайдан кейін концертті ұйымдастырушылар полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен оның денсаулығында аздаған оң өзгерістер байқалған.

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 10 қазанда өткен Қайрат Нұртастың концертіне сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқса...