«Әкесі неге келмеген»: Алтынай Жорабаева тұңғыш қызын ұзатты

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
1024

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Қызым Айнара кеше ғана кішкентай алақаныңмен менің саусағымнан ұстап, алғашқы қадамыңды жасаған едің. Бүгін сол қолыңды өмірлік жарыңа ұстатып тұрмын…

Есіңде болсын, байлық – дүниеде емес, отбасының бірлігінде. Бақыт – салтанатта емес, сыйластық пен сүйіспеншілікте. Шаңырағыңнан күлкі кетпесін, дастарханыңнан береке үзілмесін.

Барған жеріңде бағың жансын. Жолдасың екеуің бір-біріңе пана, бір-біріңе жұмақ болыңдар", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылардың біразы жастарға бақыт тілеп жатса, ал кейбіреулері қыздардың әкесінің тойға қатыспағанын байқаған.

"Не жағдай болсада, арада қандай реніш болсада папасы келу керек еді қызы үшін", "Бала деген анаға керек екен тек қана", "Әкесі келмеген бе", - деген секілді пікірлер жазылды жазба астына.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...