"Массажда ұсталды": Тұрсынбек Қабатов өзі туралы тараған ақпараттарға жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1216

Тұрсынбек Қабатов өзі туралы тараған ақпараттарға жауап беріп, шындықты айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзі туралы желіде тараған түрлі ақпараттарға жауап берді. Соның бірі, әлеуметтік желіде "Тұрсынбек Қабатов интим салонда ұсталған" деген хабар тараған болатын. 

Алайда өнер иесінің айтуынша, мұның бәрі жалған ақпарат. Сондай-ақ, әзілкеш жақында концерт беретінін, бұл қауөсектердің бәрі әдейі жасалып жатқан болуы мүмкін екенін де айтып өткен. 

“Тұрсынбек массажға барды” дей ме. Сенбеулеріңізді сұраймын. Ешқайда барған жоқпын, ешқайда ұсталған жоқпын. Бұл жалған. Бәлкім біреулер мен концерт берерімнің алдында аяғымды шалып жатқан шығар. Мен 15 күн болды Алматыдамын, ешқандай “Манхэттен” деген жерді білмеймін. Ешқандай дәлелдер жоқ. Өтірік ақпарат тарап жатыр, дейді Қабатов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...