Әуелбекова концертінде жылауының, Баян мен Бағымның келмей қалуының себебін айтты

Жаңалықтар
4422

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова шығармашылығының он бес жылдығына арналған концертте көз жасына ерік беріп, орындап жатқан әнді жылап тұрып айтып шықты.

Алғаш рет жеке концертін берген әншінің соңғы жылдары жеке өмірінде де сәтсіздіктер көбейіп, құлазып жүргені жасырын емес. Бұл туралы Мөлдірдің өзі де еш бүкпесіз айтып келді.

«Қазір қарап отырсам ұят нәрсе екен. Екі минут бойы сахнада өзіме келе алмай жылап тұрып алдым. Бір жағынан арманым орындалып жеке кешім болып жатқанына қуандым. Екіншіден әннің өзі жеке өмір жайлы болғандықтан қатты әсер етіп кетті. Осы күнге дейін шыдап келген шыдамның шегі сахнада таусылғанына таңым бар.

Қанша ішіме сақтаған мұңым мен қуанышым бетіме шықты, халықтан жасыра алмадым десем де болады. Сол сәтке түсіністікпен қараған халыққа алғысым шексіз»,-дейді әнші.

Көпшілік Мөлдірден сол кешке өнердегі ұстаздары Бағым мен Баянның келмеу себебін сұрап жатты. Өнер адамдарының қазіргі қарым — қатынасы әлі де болса көпшілікке құпия.

«Тура сол күні Алматыда «Жыл таңдауы» деп аталатын ауқымды шара өтіп жатты. Одан қалса менің кешім өтетінін жиырма күн қалғанда ғана білдім. Жанды дауыста болғандықтан дайындыққа көп уақытым жұмсалды. Ал шақыру билеттері кешке бес күн қалғанда ғана таратылды.

Ол кісілерге шақыртуды өзім алып барып ұсындым. Бәлкім ертерек шақырғанымда келетін ба еді. Себебі сол орталықтан шыққан қыздар арасында бірінші рет менің жеке концертім болды. Сондықтан алаңдамаңыздар, бізде бәрі жақсы. Татуластық. Баян мен бағым мақсатқыздары Алматыдағы шараға қатысамыз деп алдын ала уәде беріп қойған екен. Маған сәттілік тілеп, хат жазып, қолдауларын білдіріп жатты»,- дейді әнші. 

Alashainasy.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...