«Соттаса, соттасын»: Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1376

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасын еске алып, одан қалған ерекше әдеті туралы жазды. Өнер иесінің айтуынша, үй гүлдерін өсіру – жанын тыныштандыратын сүйікті істерінің бірі. Бұл әдет оған анасынан дарыған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші бала күнінде ауылдағы үйлерінің терезесі үнемі жайқалған гүлге толып тұратынын еске алды. Анасы әр гүлді ерекше күтімге алып, тіпті олармен сөйлесетін болған.

«Марқұм анам қай жерде жүрсе де гүл көрсе, көзі жайнап кетуші еді. Ауруханада жатса да, дәліздегі гүлдердің қасынан жай өте алмайтын. Бір бұтағын үзіп алып: “Осы бізде жоқ”, – деп жинап жүретін», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Өнер иесі анасымен болған әзілге толы бір сәтті де бөлісті. «“Қарақаттың анасы гүл ұрлап жүр” деген атқа қаласыз ғой, камералар түсіріп тұр» деген қызына анасы: «Осы үшін соттаймын десе, соттасын. Тұқымды сұрап алмайды», – деп жауап берген екен.

Қарақат Әбілдина бүгінде гүлдерін суарған сайын анасын еске алатынын жеткізді.

«Гүл өсіру – мен үшін жай ғана хобби емес. Жанымды тыныштандыратын, анаммен жалғап тұрған бір нәзік жіп секілді», – деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Cou...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің жалғызбасты аналарға қатысты жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Ол...