Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде оқырмандарын елең еткізер жазба жариялады, деп хабарлады...
Дариға Бадықова еркектердің намысына тиді
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
257
Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қиындықтар туралы ойын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің пікірінше, қиындыққа тап болған адам оған мойымай, жағдайын жақсартудың жолын іздеуі керек. Әңгіме барысында ол бала тәрбиесі мен отбасының материалдық мүмкіндігіне де тоқталды.
Бадықова кейбір отбасылардың бес-алты балалы бола тұра, олардың тамағы мен күнделікті қажетіне қаражат таба алмай отырғанын сөз етті. Осыған қатысты актриса:
“Мал таппайтын еркектің ұрпағын көбейтудің қажеті жоқ”, – деді.
Өзі бір отбасының тамағын, бір отбасының киімін түгендеп беретінін сөз етті.