Майғазиевтің ұлының үйлену тойын ақылы көрсетуге қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді

Сурет: ratel.kz

Шоу-бизнес
1067

Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойының ақылы трансляциясы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды. Осыған байланысты Tengri Life тілшісі онлайн-көрсетілімнен салық ұсталуы мүмкін бе деген сұрақпен Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінген, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы көпшіліктің назарын аударды. Себебі ұйымдастырушылар әдеттен тыс шешім қабылдаған. Яғни, тойды онлайн көру мүмкіндігі ұсынылады,  ал оны көру үшін ақы төлеу керек. Бұл шешім әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Біреулер оны қызық тәжірибе деп бағаласа, енді бірі орынсыз саудаға балайды.

Ұйымдастырушылар Telegram-да арнайы бот жасап, 1380 теңге төлеген адамды жабық арнаға қосып, сол арқылы тікелей эфирде Адилет Майғазиев пен қалыңдығы Адианың үйлену тойын көруге мүмкіндік береді.

Тойды көру үшін сілтеме тек төлем жасалып, түбіртек (чек) жіберілгеннен кейін ғана беріледі.

Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын ақылы көрсету салық салынатын табысқа жата ма деген сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берген.

«Бұл жағдайда 1380 теңге көлемінде онлайн-іс-шараға (тойға) кіру үшін ақы алу – табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі. Егер ұйымдастырушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген болса, ол алған табысты декларацияға енгізіп, табыс салығын төлеуі тиіс», – деп жауап берді комитет өкілдері.

Мысалы, шағын бизнеске арналған арнайы салық режимін қолданатындар табысының 3 пайызын төлеуі керек. Жай жеке кәсіпкерлер үшін – 10 пайыз, ал заңды тұлғалар үшін – 20 пайыз салық салынады.

«Бұл ереже той, мерейтой секілді шараларды ұйымдастырумен айналысатын субъектілерге де қолданылады. Олардың қатарына мейрамхана, банкет залдары (тамақтандыру мен залды жалға беру қызметі), асабалар, әншілер мен бишілер кіреді», – деп еске салды Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы...