Қайрат Нұртастың әйелі жүкті екенін айтты

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
1191

Танымал хитмэн Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына жүкті екенін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"2025 жылға менің жоспарым болған… Алайда….Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы!", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары соның ішіндегі өнердегі әріптестері жарыса құттықтады.

"Аллама шүкір. Көптің тілеуі қабыл болып, аман-есен бауырыңа бас. Жүрекшемізді күтііііп жүрміз", - деді Майра Төлепберген. "Маа Шаа Аллаһ. Қандай керемет жаңалық. Алла қаласа денсаулығы мықты сәби келсін", - деді Алтынай Жорабаева. Сол сияқты Мәдина, Жазира, Ләйлә сынды өнер адамдары құттықтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...