Маркиза лақап атымен танылған блогер подкаста ашық сұхбат беріп, Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасын...
Тағы бір қазақстандық блогер ажырасқанын мәлімдеді
ашық дереккөз
Танымал блогер әрі саяхатшы Динара Болат күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді. Ол ұзақ жылдар бойы отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтып, мұндай шешімге не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі өзгерістер туралы жазды. Оның айтуынша, Малайзиядан Қазақстанға ұлымен бірге оралған. Ал балалардың әкесімен жолдары екіге айырылған. Динара Болат бұл шешімге бір күнде келгенімен, оның артында көпжылғы үміт жатқанын жеткізді. Ол бұған дейін балаларының толық отбасында өскенін қалаған. Әсіресе, ұлының әкесімен жақын қарым-қатынаста болуына ерекше мән берген.
«Ешқандай ұрыс-керіс, жанжал немесе мүлік бөлісу болған жоқ. Саналы түрде қосылдық, саналы түрде ажырастық. Ажырасуымызға опасыздық емес, менің өзімді эмоционалдық тұрғыдан жалғыз сезінуім себеп болды. Менің ойымша, мұндай жағдай қазақ әйелдерінің 90 пайызында кездеседі. Бірақ әйелдердің көбі осы себеппен ажыраса бермейді», – деп жазды блогер.
Динара Болат әйел адам үшін отбасындағы көңіл мен эмоционалдық қолдаудың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, ол жылдар бойы жолдасының өзгеретінінен үміттенген. Алайда тұңғышы 20 жасқа жақындағанша жағдай өзгермеген.
«Балалар өсті. Өзімнің күш-қуатым мен сымбатым сақталған шағымда маңызды шешім қабылдадым. Енді отбасымды емес, өзімді сақтауды таңдадым. Екі жаққа кеткен кезде көңілімде реніш болғаны рас. Алайда елге оралғаннан бері өмірім бұрынғыдан да жақсы жаққа өзгерді. Қазір ашуға да, ренішке де орын қалған жоқ», – деді Динара Болат.
Блогер ажырасу мәселесі өзара түсіністікпен, ешқандай жанжалсыз шешілгенін атап өтті. Қазір ол өткенге реніш сақтамайтынын және алдағы жоспарларына көңіл бөлуді көздеп отырғанын жеткізді.