Танымал блогер 12 жылдан кейін әйеліне дүркіретіп той жасап бермекші

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
1508

Астаналық танымал блогер Ерболат Жанабылов көптен күткен үйлену тойын жасайтынын айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Күні кеше Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында келіншегіне ерекше үйленуге ұсыныс жасаған блогер Жанабылов жақында тойы болатынын жариялады. Бұл тойды желі жұлдыздары 12 жыл күткен екен. Қазіргі таңда 3 ұлдың ата-анасы.

«Студент кезімізде өзіміздің ақшамыз болмады, бірақ үлкен арманымыз болды. Сонда біз, бәрі сәтті аяқталса, той жасаймыз деп бір-бірімізге уәде берген едік. Уақыт өтті, бірақ мүмкіндік болмады. Біз тек заңды тіркеуден өттік. Ал мен әдемі ұсынысты күттім, бірақ сол сәттің қашан болатыны туралы ойланбаппын. Міне, 12 жылдан кейін, қол ұстасып, 10 жыл отбасылық өмір, үш бала – біз шешім қабылдадық. Той жақында... оны толық Ерболат ұйымдастырып жатыр. Ендеше, бірге күтейік пе?», - деді блогердің келіншегі Эльмира Төлегенова.

Ал күйеу жігіт болса сауда орталықтарында той образын таңдап жүргенін әлеуметтік желіде жариялады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...