Меруер Түсіпбаеваға елу жасында үйленуге ұсыныс түсті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
510

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваға 5 жас кіші ер адам тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Әнші желі қолданушыларының бірі жолдаған хатты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Әйел болуға дайынсың ба? Меруерт, сенен көп кіші емеспін. 5 жас қана арамыз. Тиесің бе маған? Маған тисең өзгересің, Меруерт. Әйел екеніңді сезінесің», - деп жазылған хатта.

Ал әншінің өзі бұл хатқа қатысты пікір білдіріп өтті.

«Менің мінезімді, бірбеткей болмысымды өзгерткісі келетін тағы бір пенде хат жазды. Сізді өзгерткісі келетін адамдардар бар ма?» - деп жазды Меруерт Түсіпбаеваның өзі.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Өзіне көп алатын досыңды белгіле деші», «Сұлулыққа қызықпайтын адам жоқ, сіз сұлу болғандықтан сізге қызығатын ер азаматтар қай жаста болсаңыз да табылады», «Ойбай, мен мына кісіге күйеуге деп қатесіз жазғанына риза болдым», - деп жазды желі қолданушылары.

PESTEL

Иран Израильге жүздеген баллистикалық ракета жіберді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Иранның рухан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Байқоңыр ауданының аумағындағы Алаш тас жолы бойындағы мекенжайда қоқыс өртенген, деп хабар...