Төреғали Төреәлінің жұбайы отбасы туралы қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: MadeniPortal.kz коллажы

Шоу-бизнес
723

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол қызы Кәусардың еңбектей бастағанын айтып, қуанышымен оқырмандарымен бөлісті.

"Сүйіншiiii! Төрештің Кәусар қызы еңбектеді! Аллаға сансыз шүкірлер", – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Сондай-ақ, әншінің жұбайы видеода қызының 5 жасқа дейін Қытайда ем алғанын, бірнеше ота жасалғанын және 11 жыл берілмей ем алғанының, халықтың ақ тілегінің арқасында тұңғыштарының көптен күткен нәтижеге жеткенін қуана айтқан.  

Желі қолданушылары да бұл жаңалыққа қуанып, кішкентай Кәусарға ақ тілектерін арнады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...