Танымал блогер Мөлдір Анарбаева Баян Алагөзованың сәлем салу жайында айтқан ойымен келіспейтінін айт...
Баян Алагөзова Рүстем Жүгінісовтің пікіріне байланысты тексеріс жүргізуді талап етті
Фото: әлеуметтік желіден
Продюсер Баян Алагөзова әнші Рүстем Жүгінісовтің әлеуметтік желіде резонанс тудырған пікірі үшін тексеріс жүргізуді талап етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Баян Алагөзова Рүстем Жүгінісовтің айтқан кеңесі әйелдерді шектеу болып саналады деген пікірде.
«Никях деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеусіз немесе бауырларымен бірге бармай, жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл – әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу», – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде орамал таққан жас қызға белгісіз ер адам интимдік ұсыныс жасап, «бір реттік неке» жасайық деп ұсыныс айтқан оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түскен еді. Осы жағдайға байланысты әнші Рүстем Жүгінісов: «Егер мешітте солай жүрсеңіздер, ер адамдар түрлі ойға кетуі мүмкін. Сондықтан абай болыңыздар. Намазды кешке үйде оқыған дұрыс», – деп пікір білдірген.