«Халқым көрсін!»: Мақпал Жүнісова үйіндегі жұмысшыларды видеоға түсірді

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
123

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі оқырмандарына көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Әнші репетициядан оралған соң үйіндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылағанын айтып, жұмысшыларға әзіл аралас ескерту жасады.

«Репетициядан келіп, балаларды аңдып жатырмын. Сіздерді түсіріп жатырмын. Халқым көрсін. Жігіттер бәрін профессионалды жасап жатыр. Ал енді халық сендердің түрлеріңді біледі, дұрыстап жасаңдар», – деп күлді Мақпал Жүнісова.

Жарияланған видеода өнер иесі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жүзін көрсеткен. Ол жігіттердің жұмысын әзірге оң бағалап, істі сапалы аяқтауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова үйінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтып, сынға алған болатын. Бұл жолы әнші жұмыс барысын көпшілікке көрсетіп, жұмысшыларға әзілмен ескерту жасады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде болған оқиғаның құрбаны марқұм Мадина Рашидқызының анасы қызының жұмысқа орналасуына қатысты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Пушкин атындағы орта мектептің мүшкіл жағдайы әлеуметтік желід...