«Жалмауыз»: Қайрат Нұртастың анасы Бағдагүл емшіге ренішін жасырмады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
602

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде Бағдагүл емшінің әрекеттеріне қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Продюсер Бағдагүл емшінің ел алдында айтқан сөздері мен әлеуметтік желіде жариялаған видеоларына көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, сын айтудың да, өзгені көпшілік алдында қаралаудың да шегі болуы керек.

Гүлзира Айдарбекова әсіресе адам өлімі туралы ақпарат таратып, өзгелерге тіл тигізуді сынға алды.

«Бағдагүл сын айтумен де, адам өлімі болды деп ақпарат таратумен де болды. Одан бөлек, «жалмауыз» деп балағат сөздермен видеоны сторисіне салуы – тым артық! Басына тимейді екен, біреуді қаралаумен, мазақ қылумен, өсекке тоймады-ау», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Осылайша, танымал продюсер Бағдагүл емшінің әрекеттерін ашық сынап, әлеуметтік желідегі сөз бен жарияланымға жауапкершілікпен қарау керектігін меңзеді.

Әзірге Бағдагүл емшінің бұл сынға қатысты қандай жауап бергені белгісіз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...